12 – мамыр күні өткен математика пәнінен 5 – 6 – сынып оқушыларына арналған республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қорытындысы бойынша Атырау облысының қоржыны 2 күміс орынмен, 3 қола орынмен, 1 Грамотамен толықты.
Білім бәйгесінде жүлдеге ие болған оқушыларымыз:
ЖҮЛДЕЛІ ІІ ОРЫН
Рахымбердиев Азамат – Жылыой ауданы №8 орта мектептің 5 – сынып оқушысы;
Сайлау Абдулазиз – Атырау қаласы Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп – лицейдің 6 – сынып оқушысы;
ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН
Қадиев Айқын – Жылыой ауданы №22 орта мектептің 5 – сынып оқушысы;
Жанғазы Дарын – Атырау қаласы №38 мектеп – лицейдің 6 – сынып оқушысы;
Шеге Айнияз – Атырау қаласы №36 мектеп – гимназияның 6 – сынып оқушысы;
ГРАМОТА
Сисен Нурасыл – Атырау қаласы №13 Д.Байбосынов атындағы мектеп – гимназияның 6 – сынып оқушысы.
Жеңімпаздар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!