Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңі

  2 – желтоқсан күні Атырау қаласы №34 көп салалы мектеп-гимназия базасында «Зерделі ақыл-ой дамыту» мектебімен бірлескен 5 – 6 сынып оқушылары арасындағы математика пәнінен республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңі өтуде.

  Олимпиадаға аудандық кезеңнен өткен 113 оқушы қатысуда.

  Оқушыларға ұсынылған тапсырмалар екі бөлімнен тұрады. Екі бөлімге берілетін жалпы уақыт саны 90 минут.

  Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

  Айта кетейік, олимпиада математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резерв қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылуда.

  Атырау облыстық  Білім басқармасы
  Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы
  Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
  Руслан Сарбалин