Сіздерге республикалық Мәшһүр – Жүсіп оқуларына қатысқан оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленгенін қуана хабарлаймыз!
БАС ЖҮЛДЕ
«Білімді зерек адам болам»! десең, «Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағыты
Исаш Бексұлтан – Атырау қаласы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп – интернатының 10 – сынып оқушысы;
II ОРЫН
«Мәшһүр – Жүсіп шығармалары» және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты
Мұхамбетжан Диана – Атырау қаласы ІТ мектеп – лицейінің 10 – сынып оқушысы;
«Бас болып өнер білсең, тіптен жақсы» бағыты
Бақтығали Ақниет – Атырау қаласы ІТ мектеп – лицейінің 10 – сынып оқушысы;
«ТАЛАНТТЫ ЖАС» номинациясы:
«Алдыма өлең жаздым қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағыты
Базарбай Ринат – Индер ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 10 – сынып оқушысы.
Жеңімпаздар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Айта кетейік, Мәшһүр – Жүсіп оқуларына 12 – мамыр күні Павлодар қаласында жалпы білім беретін мектептердің 8 – 11 – сынып оқушылары арасында өтті.