Атырау қаласында Республикалық “Махамбет оқулары” байқауы басталды. Байқау Н. Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының базасында өтіп жатыр.
Байқауға еліміздің 14 облысынан 66 оқушы 5 номинация бойынша қатысуда. От ауызды, орақ тілді ақынның асқақ рухты өлеңдері, күйлері, жырлары қайта жаңғырды.
”Махамбет оқуларының” бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.