Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінің соңғы күні екі пән бойынша өтеді

Бүгін, 11 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңінің төртінші күні өтуде.

«Шет тілі» мен «Өзін – өзі тану» пәндері бойынша Атырау қаласы және облыстағы 7 ауданнан барлығы 650 – ге жуық оқушы біліктілігін сынайды деп күтілуде.

Еске сала кетейік, олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңі 8 – 12 ақпан аралығында, облыстық 22 ақпан – 3 наурыз аралығында өтеді.