Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДЕР ОЛИМПИАДАСЫ МЕН КОНКУРСТАРДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

  30 – мамыр күні Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия ғимаратында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада мен ғылыми жобалардың және шығармашылық байқаулардың қорытынды кезеңіне қатысып жүлделі орын алған оқушыларды марапаттау шарасы өтті.

  Аталған шараға Облыстық Білім беру басқармасының басшысы Г. Садуахасова, «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» директоры Р. Сарбалин, аудандық білім бөлімдерінің және облыстық білім беру ұйымдарының басшылары мен олимпиада жеңімпаздары қатысты.

  Салтанатты шараны Облыстық Білім беру басқармасының басшысы Садуахасова Гульнара Манаповна ашып, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, шәкірттерге сәттілік тіледі.

  Басқарма басшысы Атырау өңірінің білімге құмар, ғылым мен өнердің биік шыңынан көрінген, облысымыздың мақтаныштары Республикалық пәндік олимпиадалар мен байқаулардың I орын иегері атанған 12 оқушыға, II орын иегері атанған 25 оқушыға, III иегері атанған 50 оқушыға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыстады.

  Шара соңында Республикалық жүлдегер оқушыларымыздың атынан Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 11-сынып оқушысы Қаби Айдана мен Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Еділов Айталы құттықтау сөз сөйлеп, жеңіс тұғырынан көрінген жас дарындарға «Ел ертеңін жарқын етуде жалындап, жана беріңіздер!», – деп тілектерін білдірді.