Бүгін, 9 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі басталды. Оған біздің облысымыздан 17 оқушымыз қатысады.
Ғылыми жобалар конкурсы төрт бағытта өткізіледі:
- «Ғылыми техникалық прогресс – экономиалық өсудің негізі буыны»
- «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»
- «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2050 стратегиясын іске асырудың негізі»
- «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары»
Айта кетейік, республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі 9 – 12 ақпан аралығында онлайн режимде өтеді.





