14 сәуір күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығының конференц-залында республикалық ғылыми жоба байқауы мен «Зерде» ХVI республикалық конкурсының жеңімпаздарын ресми марапаттау салтанаты өтті.
Орталық директоры Р. Сарбалин барша жеңімпаздарды құттықтап, алдағы жетістіктерге де сәттілік тіледі. Сондай-ақ екі байқаудың дипломдарын табыс етіп, жеңімпаздар мойнына медаль тақты.
Аталған жобалар 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында өткен болатын.
«Зерде» ХVI республикалық конкурсында атыраулық төрт оқушы жүлдеге ие болды.
Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 7-сынып оқушысы Ахатова Айсана II орынға ие болса, Атырау қаласы Б. Нысанбаев атындағы орта мектептің оқушы Какимова Нурай мен Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының 7-сынып оқушысы Рахмет Қарақат және Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 4-сынып оқушысы Сағын Аянат 3 орын алды.
Ал республикалық ғылыми жоба байқауында облысымыздан 5 оқушы жеңімпаз атанды.
Атырау облыстық «Білім – Инновация» лицей–интернатының 10-сынып оқушылары Абдрахман Арнұр мен Нодяров Абдукерим командалық жұмыс бойынша және Атырау облыстық дарынды балаларға арналған инернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның 8- сынып оқушысы Базарова Алтынай жеке жоба бойынша II дәрежелі дипломды иеленді.
Ал Индер ауданы жалпы білім беретін Жамбыл атындағы орта мектептің 11- сынып оқушысы Шаймарданова Әсемгүл және Құрманғазы ауданы жалпы білім беретін Н. Гоголь атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Набидуллаева Альбина III дәрежелі дипломмен марапатталды.


















