Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕ» ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

  13 – желтоқсан күні, 2 – 7 – сынып оқушылары арасындағы республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Атырау облысы Білім беру басқармасының І дәрежелі дипломымен 17 оқушы, ІІ дәрежелі – 20 оқушы, ал ІІІ дәрежелі дипломымен 22 оқушы марапатталды.

  Сонымен қатар жоғары ұпай жинаған 18 қатысушы алғыс хатқа ие болды.

  Барлық жүлдегерлерді, олардың жетекшілері мен ата-аналарын орталық атынан шын жүректен құттықтаймыз!