Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

XIV «Бастау» математикалық турнирінің облыстық кезеңі қорытындыланды

18 мамыр күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2-4 сынып оқушылары арасындағы XIV «Бастау» Республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңі өтті.

«Бастау» бастауыш мектеп оқушыларының математикалық турнирі – бастауыш мектеп оқушыларына арналған білім беру–дамыту бағдарламасы және командалық сайыс.

Турнирдің мақсаты – математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету.

Атырау қаласынан және аудандардан 14 команда, барлығы 42 оқушы қатысты. Турнир ауызша қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.