Жалпы білім беретін мектептердің 11 – сынып оқушыларына арналған химия пәнінен С.Өтебаев атындағы облыстық олимпиада өтеді.
Бұл білім додасы даңқты мұнайшы, ғалым Сафи Өтебайұлының Қазақстандағы ғылым мен техниканың дамуына қосқан үлесін дәріптеу, ғылыми мақалаларын насихаттау және оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылуда.
Олимпиаданың аудандық кезеңі мектептерде 27 – қазан күні өтті.
Облыстық кезеңі 10 – қараша күні сағат 9.00 – де С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында өткізіледі деп жоспарлануда.
Облыстық кезеңге аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатыса алады. Олимпиада қатысушыларына жоғары нәтижелер мен жеңістер тілейміз!
Для учащихся 11 классов общеобразовательных школ пройдет областная олимпиада по химии имени С. Утебаева.
Данный образовательный конкурс проводится с целью популяризации вклада прославленного Нефтяника, ученого Сафи Утебаевича в развитие науки и техники в Казахстане, пропаганды научных статей и повышения интереса учащихся к химии.
Районный этап олимпиады в школах прошел сегодня, 27 октября.
Областной этап планируется провести 10 ноября в 9.00 на базе Атырауского университета нефти и газа имени С. Утебаева.
В областном этапе могут принять участие победители районного, городского этапов. Желаем участникам олимпиады высоких результатов и побед!