Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 – 6 – сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада

  19 – мамыр күні, еліміздің облыс ооталықтарында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 – 6 – сынып оқушыларына арналған олимпиаданың қорытынды республикалық кезеңі өтуде.

  Олимпиада дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау және ғылыми білімді насихаттау мақсатында ұйымдастырылуда.

  Олимпиадаға Атырау облысынан 16 оқушы қатысып, бақ сынайды.

  Олар 8 пәннен: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілінен тапсырмалар орындап жатыр.

  Айта кетейік, олимпиада «Oqylyq» платформасында өтуде.

  Жас олимпиадашыларға сәттілік тілейміз!