Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛКАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

  Албанияның астанасы Тирана қаласында 20 мемлекеттен 130-ға жуық мектеп оқушыларының қатысуымен өткен 27-ші жасөспірімдер арасындағы халықаралық Балкан математикалық олимпиадасы (JBMO) өз мәресіне жетті.

  Халықаралық математикалық жарыста Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алып, жеңіс туын желбіретті.

  Жүлдегерлер қатарындағы Атырау облысының мақтанышы, «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Абдуллаев Аят қола медаль еншіледі.

  Аят бүгінде көптеген білім додаларында топ жарып, Атырау облысының намысын қорғап жүрген оқушылардың бірі.

  Халықаралық білім бәйгелерінде оқушылары топ жарып жүрген жетекші-мұғалімі Райсов Әділет те 2022 жылы «Үздік педагог» атағын иеленген болатын.

  Аятты және жетекші мұғалімі Әділет Болатбекұлын жеңісімен құттықтаймыз!

  «Білімнің аспанында қанатың талмай самғай бер, Аят!»,- деп шын жүректен тілек айтамыз!

  Алдағы шілде айында өтетін Халықаралық Туймада олимпиадасына да сәттілік тілейміз!

  Жеңісті күндеріміз көп болсын!


  В столице Албании Тиране завершилась 27-я Международная Балканская математическая олимпиада среди юношей (JBMO) с участием около 130 школьников из 20 стран.

  В международных математических соревнованиях сборная Казахстана завоевала 6 медалей и подняла знамя Победы.

  В числе призеров-гордость Атырауской области, ученик 9 класса лицея-интерната «Білім-Инновация» Абдуллаев Аят завоевал бронзовую медаль.

  Аят-один из тех учеников, которые сегодня выступают во многих образовательных соревнованиях и защищают честь Атырауской области.

  Руководитель-учитель Райсов Адилет, ученики которые участвовали в международных конкурсах знаний, в 2022 году также был удостоен звания «Лучший педагог».

  Поздравляем Аята и ведущего учителя Адилета Болатбековича с победой!

  Желаем успехов и в предстоящей в июле международной олимпиаде в Туймааде!