Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

5 – 6 – сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңі

  12 – мамыр күні еліміздің әр өңірінде математика пәнінен 5 – 6 – сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңі өтуде.

  Олимпиадаға өкіл ретінде Астана қаласынан «Зерделі ақыл – ой дамыту» мектебінің математика пәні мұғалімі Сатыпалдиев Бауыржан Нұрсұлтанұлы келіп қатысуда.

  Республикалық кезеңге облыстық кезеңде жүзден жүйрік атанып шыққан 10 оқушы қатысып, бақ сынауда.

  Оқушыларға ұсынылған тапсырмалар үш бөлімнен тұрады:
1. Тест жұмысы;
2. Бос орынды толтыру;
3. Есептерді дәлелдеп шығару.

  Үш бөлімге берілетін жалпы уақыт саны 100 минут.

  Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

  Айта кетейік, олимпиада математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резерв қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылуда.