12 – мамыр күні жалпы білім беру ұйымдарының 7 – 11 – сынып оқушылары арасында жалынды ақын Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми – шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтуде.
Байқауға аудандық (қалалық) кезеңнен жеңімпаз атанған 32 оқушы қатысуда.
Мағжан оқуларына қатысушылар төмендегі бағыттар бойынша бақ сынайды:
«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы;
«Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» – ғылыми жоба жұмысы;
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас дарындар конкурсы.
Байқау қорытындысына сәйкес әр номинация бойынша қатысушылар Таланттарды анықтау және қолдау орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және Алғыс хаттармен марапатталады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!