Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

5 – 6 – сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың қалалық/аудандық кезеңі

  Атырау облысы Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 – 6 – сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың қалалық/аудандық кезеңі өтетінін хабарлаймыз!

  Олимпиада дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау және ғылыми білімді насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

  Олимпиада келесі пәндер бойынша 4 кезеңде өткізіледі:
• Математика
• Қазақ тілі және әдебиеті
• Орыс тілі және әдебиеті
• Ағылшын тілі
• Қазақстан тарихы
• Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі
• Қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі.

  Мектепішілік кезеңі: 28 – қараша – 1 – желтоқсан 2023 жыл.
Аудандық/ қалалық кезеңі:
5-сынып оқушылары үшін – 5 – желтоқсан 2023 – жыл. Сағат 9:00.
6-сынып оқушылары үшін – 6 – желтоқсан 2023 – жыл. Сағат 9:00.

  Олимпиада жеңімпаздары келесі кезеңге жолдама алады. Білім бәйгесінде оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау