Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңі

  1 – желтоқсан күні, “Таланттарды анықтау және қолдау” орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастырумен 10 – 11 – сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының өңірлік кезеңі өтуде.
  Олимпиаданың мақсаты:
мектеп оқушылары арасынан математика пәні бойынша ерекше қабілеті бар балаларды анықтау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық инженерлік- техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту.
  Олимпиада тапсырмалары авторлық, интернет желісінен алынбаған және басқа ақпарат көздерінде жарияланбаған. Оқушылар ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, сапалы құрастырылған тапсырмаларды орындайды. Олимпиада қазақ тілінде өтеді.
  Өңірлік кезеңнің тапсырмалары екі кезеңнен тұрады:
1. Тест жұмысы.
2. Бос орындарды толтыру. 10 есептің тек жауаптарын толтырады. Өңірлік кезеңнен өткен оқушылар республикалық кезеңге жолдама алады.
  Олимпиада қорытындысы бойынша тапсырмаларды талдау барысы туралы мәлімет «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ZERDELI.KZ ютуб каналы, @rsbek.Mauit инстаграм парақшасы және «Алтын сақа» ресми телеграм каналында жарияланады.
  Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау