28 – қазан күні жалпы білім беретін мектептердің 7 – 8 – сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталып, марапаттау шарасы өтті.
Аталған шараға Облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сламбеков Ерлан Талғатбекұлы және “Каспий құбыр консорциумының» Қазақстан Үкіметімен байланыс департаментінің Қоғаммен байланыс және Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі бас маманы Айна Задабекқызы қатысып, сөз сөйледі.
Аталған олимпиадаға 58 оқушы қатысып, қазылар алқасының шешімімен төмендегі оқушылар жүлдегер атанды.
Үшінші дәрежелі дипломмен:
1) Ерланұлы Санжар – Мақат ауданы Абай Құнанбаев атындағы орта мектептің
7- сынып оқушысы;
2) Фархадқызы Кәусар – Исатай ауданы Исатай орта мектебінің 7-сынып оқушысы;
3) Әлібек Айда – Жылыой ауданы №3 орта мектептің 7- сынып оқушысы;
4) Орал Ералы – Облыстық №1 “Білім-инновация” лицей-интернатының 7- сынып оқушысы;
5) Сәрсен Мақсат – Облыстық “Зияткер” мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 7 –сынып оқушысы;
6) Амангелді Ерасыл – Облыстық “Зияткер” мамандандырылған мектеп-лицей интернатының
7- сынып оқушысы;
7) Сериков Жасулан- Атырау облысы дарынды балаларға арналған Ұлттық гимназияның 7- сынып оқушысы;
8)Зинеден Артур – Атырау қаласы З.Қабдолов атындағы жалпы білім беретін №40 орта мектептің 7- сынып оқушысы;
9)Төреахмет Ислам – Атырау қаласы, №13 Дүйсенғали Байбосынов атындағы мектеп-гимназиясының 7- сынып оқушысы;
10) Бақтигерей Іңкәр -Индер ауданы, Мұханғазы Сиранов атындағы орта мектептің 8- сынып оқушысы;
11) Нұржан Әсемай -Индер ауданы Мұханғазы Сиранов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы;
12) Амантай Нұрлы – Құрманғазы ауданы Нұғман Манаев орта мектебінің 8-сынып оқушысы;
13) Кенжебай Айғаным – Қызылқоға ауданы Кенбай орта мектебінің 8- сынып оқушысы;
14) Сериккалиев Орынгали – Махамбет ауданы Қарабай Қалыбеков атындағы орта мектеп 8- сынып оқушысы;
15) Жәнібекұлы Жан – Атырау қаласы, “Сармат” мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 8 -сынып оқушысы;
16) Амантай Арлан – Облыстық “№1 “Білім-Инновация” лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
17) Магрипетоллин Нургиса – Облыстық №2 Білім-Инновация лицей-интернатының 8- сынып оқушысы;
18) Чердабаев Арлан – Жолдасқали Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицей интернатының 8-сынып оқушысы;
19) Сабирова Адема – Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 8- сынып оқушысы марапатталды.
Екінші дәрежелі дипломмен:
1) Жомарт Шапағат – Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы;
2) Сатхан Нұрмахан – Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы;
3) Өтепқали Нұрхан – Исатай ауданы Новобогат орта мектебінің 7-сынып оқушысы;
4) Ағидолла Әбдрахим – Ж.Молдағалиев атындағы мамандандырылған облыстық мектеп-лицей интернатының 7-сынып оқушысы;
5) Ерланұлы Даниял – Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің 8-сынып оқушысы;
6) Багыт Асел – Жылыой ауданы №1 орта мектептің 8-сынып оқушысы;
7) Жолдас Айдын – Облыстық “№2 Білім-Инновация лицей-интернатының 8- сынып оқушысы;
8) Ерсаин Әділет – Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицей интернатының 8-сынып оқушысы;
9) Карапетян Айк – Атырау қаласы №8 У.Атамбаев атындағы орта мектептің
8 –сынып оқушысы марапатталды.
Бірінші дәрежелі дипломмен:
1) Жастереков Жантөре – Облыстық дарынды балаларға арналған Ұлттық гимназияның 7-сынып оқушысы;
2) Азаматұлы Асылхан – облыстық “№1 Білім-инновация” лицей-интернатының 8- сынып оқушысы марапатталды.
Жүлдегер оқушылар мен барлық қатысушыларға Каспий құбыр консорциумы демеушілігімен бағалы сыйлықтар табысталды.
Шара соңында «National Geographic Qazaqstan» журналының жауапты редакторы Шағалақ Айбын Бақытұлы жеңімпаздарды марапатымен құттықтады.
Жүлдегерлеріміз бен олардың жетекшілерін орталық атынан шын жүректен құттықтаймыз!