3 – қараша күні Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің базасында Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 11 – сынып оқушыларына арналған биология пәнінен Х.Досмұхамедов атындағы облыстық олимпиадасы өтеді.
Елімізге танымал тарихшы, табиғаттанушы, әдебиетші, шебер аудармашы, ерекше дарын иесі Халел Досмұхамедовтың еңбек жолын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылуда.
Олимпиада оқушылардың алған теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын тереңдету мен анықтауға бағытталған.
Аталған олимпиадаға оқыту тіліне қарамастан жалпы білім беретін мектептердің 11 – сынып оқушылары қатысады.
Олимпиаданың қорытындысына сәйкес жеңімпаздар анықталады.
Жеңімпаздар Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының I,II,III дәрежелі дипломдары және Алғыс хаттарымен марапатталып, медальдар табысталады.
Олимпиаданың қорытындысы Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының www.darynatyrau.kz сайтына орналастырылады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!






