Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Жалпы білім беретін мектептердің 7 – 8 – сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңі

  27 – қазанда Атырау облыстық дарынды балаларға арналған Ұлттық гимназия базасында жалпы білім беретін мектептердің 7 – 8 – сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңі өтуде.

  Аталған олимпиадаға 58 оқушы қатысуда.

  Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
Бірінші тур – тест тапсырмаларын орындау;
Екінші тур – оқушылар практикалық сұрақтарға жауап береді.

  Қатысушыларға сәттілік тілейміз!