16 наурыз күні Атырау облысы Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының таныстырылым шарасы өтті.
Шараға Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы С.Ы.Есенғалиев, басқарманың алқа құрамы, Атырау университетінің ректоры С. Н. Идрисов пен университеттің оқу-ісі жөніндегі проректоры К. Өтепқалиева, «Инновациялық білім беру факультетінің» «Психология және арнайы білім беру» кафедрасының меңгерушісі А. Мұхамбетжанова, Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Б.Қ.Атыбай, «ZERDELI» ақыл-ой даму мектебінің Бас директоры Рысбек Мәуіт пен өкілдері, қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, Облыстық мамандырылған мектеп директорлары қатысты.
Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы С. Ы. Есенғалиев Орталықты ашылуымен құттықтады және 2020 жылдың қорытындысымен облысымыздың бір топ мұғалімдерін Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Шара «Атырау қаласының оқушылар орталығы» конференц-залында жалғасты. Онда Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетімен және «ZERDELI» ақыл-ой даму мектебімен «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығығы арасында ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.
«ZERDELI» ақыл-ой даму мектебінің Бас директоры Рысбек Мәуіт 12 наурызда 4-6 сынып оқушылары арасында өткен «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 1-орын алған оқушылар мен олимпиадаға белсенді қатысып, оқушылары орта балдан жоғары балл жинап, Бас жүлдені жеңіп алған Еркінқала орта мектебін марапаттады.
Шараға қатысушыларды Орталық директоры Р. Сарбалин орталық қызметкерлерінің жұмыс орындарымен, кабинеттерімен таныстырды.
Шара соңы Атырау облысы Білім беру басқармасының алқа отырысымен жалғасты.






