Бүгін,12 наурыз күні, ZERDELI ақыл-ой дамыту мектебі мен Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 4-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы онлайн форматта болып өтті.
Олимпиада мектеп оқушыларының жоғарғы деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Математикалық олимпиада ІІ кезеңмен өтті. І кезең мектепшілік кезең, ІІ-кезең аудандық, қалалық, облыстық кезең.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне 88 оқушы қатысты.
4-орын алған 15 оқушыға грамота мен сыйлыққа кітаптар берілді. 3-орын алған 13 оқушы 5000 теңге, 2- орын алған 8 оқушы 10 000 теңге, 1-орын алған 3 оқушы 20 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен бірге «Алтын сақа» математикалық олимпиадасына белсенді қатысып, оқушылары орта балдан жоғары жинаған мектептердің рейтингі шығарылды.
Атырау қаласының № 30 мектеп-гимназиясы, №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейі, №35 мектеп-гимназиясы және Құрманғазы ауданының Шортанбай жалпы орта мектебі 3-орынды, №20 мектеп-гимназия мен №13 Д.Байбосынов атындағы мектеп-гимназия 2-орынды, №17 мектеп-лицей мен И.Тайманов орта мектеп 1-орынды иеленді. Ал Бас жүлдені Атырау қаласының Еркінқала орта мектебі жеңіп алды.


























