Бүгін Атырай облыстық “Білім-Инновация” лицейінің екі оқушысы Мырзатай Айбек пен Зауытхан Әділет математикадан екі бірдей халықаралық олимпиададан жүлде алды.
9-10 наурыз күндері аралығында қашықтықтан өткен ХХХIII Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы мен математикадан халықаралық XX «Жібек жолы» олимпиадасына Атырау облысынанан 8 оқушы қатысқан еді.
Солардың ішінен ХХХIII Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы бойынша, Мырзатай Айбек күміс, Зауытхан Әділет қола жүлде иеленді.
Ал математикадан халықаралық XX «Жібек жолы» олимпиадасынан Мырзатай Айбек алтын жүлдені жеңіп алып, Зауытхан Әділет күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, аталған олимпиадаларға республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысына сәйкес, математика пәнінен ең жоғары ұпай жинаған әр сынып бойынша 2 жеңімпаз немесе жүлдегер қатысады.
Республика бойынша аталған екі олимпиадаға облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 120 оқушы, Атырау облысы бойынша 8 оқушы қатысқан.






