Жалпы білім беретін мектептердің 5-7 және 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген III Республикалық «Әбіш оқуларының» облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
Үш күнге созылған байқау 12 наурыз күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығында байқаудың қазылар алқасының, байқауға қатысушылардың, ұстаздардың, ата-аналардың қатысуымен онлайн форматта ZOOM платформасында өтті.
Орталық директоры Р. Сарбалин байқаудың жабылу салтанатын ашып, қатысушылар мен оларды дайындаған жетекшілеріне ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі.
Қазылар алқасы мүшелері байқаудың әр бағыты бойынша қатысушылардың нәтижелеріне сараптама жасап, жұмыстарының жетілдіретін тұстарына ұсыныстарын айтты.
Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Байқау қорытындысына сай жүлделі III орын алған оқушылар:
«Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша:
- Жақсығали Іңкәр Бақытжанқызы – Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының 7-сынып оқушысы;
- Жұмахметова Дильназ – Жылыой ауданы №23 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- Нұрболатқызы Жаннұр – Исатай ауданы Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы;
- Сағи Бекзат – Атырау қаласы, Б.Нысанбаев орта мектебінің 9-сынып оқушысы.
«Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясын) мәнерлеп оқу» бағыты бойынша:
- Жантемирова Каусар – Исатай ауданы, Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 6- сынып оқушысы;
- Оралбай Ұлдана – Жылыой ауданы №5 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы;
- Орынғали Еділжан – Махамбет ауданы, Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінің 9 – сынып оқушысы;
- Қапанова Гүлназ – Құрманғазы ауданы, Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектептің 10-сынып оқушысы;
- Серікова Ақтоты – Мақат ауданы, М.Баймұханов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы.
«Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба» бағыты бойынша:
- Мырзабай Ақтолқын – Қызылқоға ауданы №9 орта мектептің 7-сынып оқушысы;
- Асылбек Аяулым –Жылыой ауданы №19 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы;
- Құзайырова Алина–Құрманғазы ауданы Бегалиев атындағы жалпы орта мектептің 10-сынып оқушысы;
- Азаматқызы Мерей–Мақат ауданы, М. Баймұханов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы.
«Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым бағыты» бойынша:
- Құрманғазы ауданы Бегалиев атындағы жалпы орта мектептің 10-11 сынып оқушылары;
Байқау қорытындысына сай жүлделі II орын алған оқушылар:
«Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша:
- Пазыл Ақерке – Исатай ауданы, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы;
- Амурова Жасмин – Махамбет ауданы Қосарал орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
- Сағын Жаннұр – Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
«Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясын) мәнерлеп оқу» бағыты бойынша:
- Тастан Аяулым Атырау қаласы, №20 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы;
- Қайратқызы Сабина – Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының 8-сынып оқушысы;
- Әлжанова Әнел- Индер ауданы, Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы;
«Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба» бағыты бойынша:
- Хамитова Кәусар – Исатай ауданы, Ғ. Мәсәлімов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы;
- Еділов Айталы – Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы;
- Қайыралы Айтолқын Рүстемқызы – Исатай ауданы жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің 8-сынып оқушысы;
«Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым» бағыты бойынша:
- Индер ауданы Әуезов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушылары;
Байқау қорытындысына сай жүлделі I орын алған оқушылар:
«Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша:
- Қайыржан Лана – Атырау қаласы №31 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;
- Нұрлыбек Нұрлыгүл – Индер ауданы, Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы;
«Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясын) мәнерлеп оқу» бағыты бойынша:
- Өтеміс Айбын – Индер ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы;
- Сұлтанова Ақерке -Атырау қаласы №19 мектеп–гимназияның 10-сынып оқушысы.
«Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба» бағыты бойынша:
- Хамидоллаев Ислам – Атырау қаласы, IT-лицейінің 7-сынып оқушысы;
- Жиембай Нұрсауле Жұмақызы – Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының 8-сынып оқушысы;
«Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым» бағыты бойынша:
- Махамбет ауданы, Алға орта мектебінің 11-сынып оқушылары.
Сондай-ақ орындау шеберліктерімен ерекшеленген оқушылар Алғыс хатпен марапатталды. Бір топ оқушыларға қатысушы сертификаты табысталды.












