Бүгін, 11 наурызда III Республикалық «Әбіш оқуларының» облыстық кезеңінің екінші күні Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша жазушының тарихи тұлғалар, туған ел, жер туралы және сүйіспеншілік бағыттарында жазған еңбектерінен зерделеу жоба жұмысын қорғау өткізілуде.
Аталған бағыт бойынша 13 оқушы өз шығармашылық жұмыстарын байқау талаптарына сай ZOOM платформасында арнайы дайындалған слайд арқылы қорғайды.
Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым бағыты бойынша дайындалған көрініс бейнежазбасын саралау күннің екінші жартысында жалғасатын болады.












