Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушылар дайындалуда

Республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушылар дайындалуда

Бүгін, 25 наурыз күні, Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндері бойынша республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушыларды дайындайтын «Он күндік» жобасы басталды.

Жобаға қатысушы оқушылар 25 наурыз бен 3 сәуір аралығында облысымыздың тәжірибелі мұғалімдерінен сабақтар алып, олимпиадаға дайындықтарын пысықтамақ.

Сондай-ақ облысымыздың ауылдық жерінде тұратын оқушылар үшін жатақхана ұйымдастырылды және барлық оқушылар тегін тамақтанады.

«Он күндік» жобасы Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің ғимараты (қоғамдық-гуманитарлық) мен “Білім-Инновация” лицейінде өтіп жатыр.

Айта кетейік, жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша дайындық жұмыстары наурыздың 23-і басталып кетті. Бұл бағыт бойынша оқушыларды Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Edlight» академиясының мамандары дайындауда.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау