Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

«Шексіз мүмкіндіктер өмірі» фестивалі басталады

«Шексіз мүмкіндіктер өмірі» фестивалі басталады

2021 жылдың 15-16 сәуір күндері ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Шексіз мүмкіндіктер өмірі» республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтеді.

Фестиваль ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға, сондай-ақ оларды қолдау мен әлеуметтендіруге бағытталған.

Бұл жоба екі кезеңде өтеді: бірінші кезең – іріктеу (облыстық); екінші кезең – республикалық, оған бірінші аймақтық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады.

Фестиваль 6 номинация бойынша өткізіледі:
1) Вокалдық орындау: жеке ән айту, вокалдық ұжым, ымдау тілінде ән айту.
2) Би билеу, оның ішінде арбамен билеу.
3) Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер.
4) Сәндік-қолданбалы шығармашылық.
5) Техникалық өнертабыстар
6) Компьютерлік әзірлемелер, робототехника

Фестивальге білім беру ұйымдарынан ерекше білім беруді қажетететін балалар қатыса алады.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау