25-30 сәуір аралығында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың алдында қатысушыларға психологиялық жаттығулар өткізілмек.
Жаттығуларды педагог-психологтар zoom платформасы арқылы жүргізе отырып, қатысушыларға алдын ала психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетіп, сенімділіктерін арттыруды көздейді.
Аталған жаттығуларды жүргізетін педагог-психологтар:
- Кубегенова Гулжанат Ертустиковна – Атырау қаласы, №38 мектеп-лицей педагог-психологі
- Жаңбырбайқызы Айгерім – Атырау қаласы, №34 көпсалалы мектеп-гимназиясының педагог-психологі
- Таскарина Марал Талгатовна – Атырау қаласы, Талғайран негізгі мектебінің педагог-психологі;
- Умбетова Гульмира Талаповна – Құрманғазы ауданы, Абай орта мектебінің педагог-психологі
- Жанбырбаева Айгерім Анбигаевна – Исатай ауданы, жалпы білім беретін Ж.Мырзағалиев орта мектебінің педагог-психологі
Айта кетейік, жыл сайын Республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында 4 кезеңде өткізіледі.
Биылғы оқу жылында Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінен аудандық кезеңге 100 мыңға жуық оқушы өтті. Облыстық кезеңде 12 мыңнан астам оқушы қатысса, қорытынды кезеңде Қазақстанның барлық өңірінен 1500-ден астам қатысушы бақ сынамақ.
Елдегі пандемия жағдайын ескере отырып, Республикалық олимпиада «Ustudy» орталықтарының негізінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда өткізіледі.
Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізіледі. Қатысушыларды отырғызу кезінде пәндерді мен сыныптарды «араластыру» әдісі қолданылады.






