Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

“Елбасы медалі – табыстың жеті бағыты” атты семинар өтті

"Елбасы медалі - табыстың жеті бағыты" атты семинар өтті

15 – 16 сәуір аралығында Таланттарды анықтау және қолдау орталығының «Ел үміті» бастамасын іске асыру және мониторингілеу бөлімінің мамандары Атырау индустриалды колледжі мен Исатай ауданының жас мамандармен және студенттерімен “Елбасы медалі – табыстың жеті бағыты” атты семинар өткізді.

Жобаның міндеті – өскелең ұрпақты ересек өмірге және еңбек ету дағдысына дайындайды, олардың білімдері мен дағдыларын зияткерлік, физикалық тұрғыда толық көрсетуге мүмкіндік береді. «Елбасы медалі» жобасы арқылы қатысушылар болашақ өмірге жақсы бағдар алады.

Жоба аясында қатысушылар спорттағы дайындығын жетілдіреді, ұлттық мұраны зерттейді, қазақ және әлемдік әдеби шығармаларымен танысады, еңбек практикасынан өтеді, елдің әр түкпіріне барып, Қазақстан тарихына қызығушылық танытады және волонтерлік қызметке белсенді араласады.

"Елбасы медалі - табыстың жеті бағыты" атты семинар өтті

"Елбасы медалі - табыстың жеті бағыты" атты семинар өтті "Елбасы медалі - табыстың жеті бағыты" атты семинар өтті

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау