Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Олимпиада алдында оқушыларға психологиялық жаттығулар өтеді

Республикалық пәндік олимпиада өтеді

25-30 сәуір аралығында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың алдында қатысушыларға психологиялық жаттығулар өткізілмек.

Жаттығуларды педагог-психологтар zoom платформасы арқылы жүргізе отырып, қатысушыларға алдын ала психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетіп, сенімділіктерін арттыруды көздейді.

Аталған жаттығуларды жүргізетін педагог-психологтар:

  1. Кубегенова Гулжанат Ертустиковна – Атырау қаласы, №38 мектеп-лицей педагог-психологі
  2. Жаңбырбайқызы Айгерім – Атырау қаласы, №34 көпсалалы мектеп-гимназиясының педагог-психологі
  3. Таскарина Марал Талгатовна – Атырау қаласы, Талғайран негізгі мектебінің педагог-психологі;
  4. Умбетова Гульмира Талаповна – Құрманғазы ауданы, Абай орта мектебінің педагог-психологі
  5. Жанбырбаева Айгерім Анбигаевна – Исатай ауданы, жалпы білім беретін Ж.Мырзағалиев орта мектебінің педагог-психологі

Айта кетейік, жыл сайын Республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында 4 кезеңде өткізіледі.

Биылғы оқу жылында Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінен аудандық кезеңге 100 мыңға жуық оқушы өтті. Облыстық кезеңде 12 мыңнан астам оқушы қатысса, қорытынды кезеңде Қазақстанның барлық өңірінен 1500-ден астам қатысушы бақ сынамақ.

Елдегі пандемия жағдайын ескере отырып, Республикалық олимпиада «Ustudy» орталықтарының негізінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда өткізіледі.

Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізіледі. Қатысушыларды отырғызу кезінде пәндерді мен сыныптарды «араластыру» әдісі қолданылады.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау