Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Шексіз өмір» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

«Шексіз өмір» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Таланттарды анықтау және қолдау орталығының жоспарына сай 2021 жылдың 15-16 сәуір күндері «Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивальдің облыстық кезеңі өтті.

Фестивальдің мақсаты – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту.

Фестивальдің міндеттері:

1) Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қоғамның әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне бейімдеу;

2) Балалардың тең мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беретін кедергісіз ортаны дамыту және танымал ету болып табылады;

3) Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталған шығармашылық қабілеттерін іске асыруда әріптестікті орнату және кеңейту;

Фестивальге Атырау облыстық арнайы мектеп-интернат пен Атырау облыстық көмекші мектеп-интернаттан, Мақат, Махамбет, Жылыой, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға аудандары мен Атырау қалалық Білім бөліміне  қарасты жалпы білім беру ұйымдарынан ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар  39 оқушыдан  сұраныс түсті.

Фестиваль 5 номинация  бойынша өтті.

1 номинация.  Вокалдық орындау: жеке ән айту, вокалдық ұжым, ымдау тілінде ән айту.

2 номинация.  Би билеу, оның ішінде арбамен билеу.

3 номинация.   Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер.

4 номинация.   Сәндік-қолданбалы шығармашылық.

5 номинация.   Компьютерлік әзірлемелер, робототехника.

Қатысушылардың жұмысын 7 адамнан құрылған қазылар алқасы бағалап, фестиваль қорытындысына сәйкес әр номинация бойынша қатысушыларды І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады.

Сондай-ақ фестиваль  жүлделі орындардан тыс  оқушыларға Алғыс хат пен сертификат тапсырылды.

Облыстық фестиваль қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған жеңімпаздар «Шексіз өмір» фестивалінің республикалық кезеңіне жолдама алды.

Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Вокалдық орындау: жеке ән айту, вокалдық ұжым, ымдау тілінде ән айту номинациясы

ІІІ орын алған оқушылар:

  1. Айткулов Ануар – Индер ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, 7 сынып оқушысы
  2. Сәлімжан Дина – Махамбет ауданы, Есбол орта мектебі, 6 сынып оқушысы
  3. Даниярқызы Әсемнұр – Атырау қаласы, Алмалы орта мектебі, 7 сынып оқушысы

ІІ орын алған оқушылар:

  1. Дүйсенбай Наз – Құрманғазы ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектебі, 4 сынып оқушысы
  2. Ардаққызы Саманта – Қызылқоға ауданы, Б.Аманшин атындағы орта мектеп, 11 сынып оқушысы

І орын алған оқушы:

  1. Тлекқабыл Альфия Адилқызы – Облыстық арнайы мектеп – интернаты, 9 сынып оқушысы;

Алғыс хат алған оқушылар:

  1. Кенжеғұл Гүлбақыт Қалыбекқызы – Исатай ауданы, Новобогат орта мектебі, 8 сынып оқушысы;
  2. Мұратұлы Жұмахан – Жылыой ауданы, №21 жалпы орта білім беретін мектебі, 2 сынып оқушысы;

Би өнері, соның ішінде мүгедектер арбасындағы би номинациясы

ІІІ орын алған оқушылар:

  1. Тұрмағамбет Актілек – Құрманғазы ауданы, №5 түзету кабинеті, 4 сынып оқушысы;
  2. Мирамбай Айару – Қызылқоға ауданы, Б.Аманшин атындағы орта мектеп, 8 сынып оқушысы;

ІІ орын алған оқушылар:

  1. Слекенова Баян, Слекенова Сұлу –  Индер ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектеп, 2 сынып оқушысы;

І орын алған оқушы:

  1. Қуан Асылхан – Атырау қаласы, №6 орта мектеп,  5 сынып оқушысы;

Алғыс хат алған оқушылар:

  1. Саматқызы Нұрайна – Мақат ауданы, Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі, 7 сынып оқушысы;
  2. Заидолла Нұрсұлу – Махамбет ауданы, Жалғансай орта мектебі, 6 сынып оқушысы;
  3. Мирас Жасмин – Атырау облыстық көмекші мектеп –интернаты, 5 сынып оқушысы;

Көркем шығармашылық (кескіндеме, портрет, графика, фото өнер) номинациясы

ІІІ орын алған оқушылар:

    1. Хамидолла Айдын – Мақат ауданы, №2 бастауыш мектеп, 3 сынып оқушысы;
    2. Акылбекұлы Шыңғыс – Құрманғазы ауданы, Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі, 7 сынып оқушысы;
    3. Рустам Інжу – Атырау қаласы, М.Өтемісов атындағы орта мектеп, 2 сынып оқушысы;
    4. Байдолла Бекарыс – Қызылқоға ауданы, Миялы орта мектебі, 2 сынып оқушысы;

ІІ орын алған оқушылар:

  1. Гетц Кристина – Атырау облыстық көмекші мектеп-интернаты, 8 сынып оқушысы;
  2. Таңатар Нұрай – Махамбет ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі, 6 сынып оқушысы;

І орын алған оқушы:

  1. Мукатов Кажымукан – Индер ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, 7 сынып оқушысы;

Алғыс хат алған оқушылар:

  1. Бектұрғанұлы Саят – Исатай ауданы, Аққыстау орта мектебі, 6 сынып оқушысы;
  2. Кален Гүлайым – Жылыой ауданы, №7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, 7 сынып оқушысы;

Сәндік-қолданбалы шығармашылық номинациясы бойынша

ІІІ орын алған оқушылар:

  1. Әбіш Нұрсейіт Талғатұлы – Махамбет ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі, 3 сынып оқушысы;
  2. Жәрдемғали Амандық – Қызылқоға ауданы, Миялы орта мектебі, 3 сынып оқушысы;
  3. Мұқаш Динара – Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы орта мектебі, 6 сынып оқушысы;

ІІ орын алған оқушылар:

  1. Амангелдиев Нияз – Мақат ауданы, С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты, 8 сынып оқушысы;
  2. Мақсот Әлібек – Атырау облыстық көмекші мектеп – интернаты, 6 сынып оқушысы;

І орын алған оқушы:

  1. Көшербай Талғат – Атырау облыстық көмекші мектеп – интернаты, 8 сынып оқушысы;

Алғыс хат алған оқушылар:

  1. Құбашева Айшат – Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектебі, 9 сынып оқушысы;
  2. Ермеккалиев Нурхат – Құрманғазы ауданы, З.Серікқали атындағы мектеп-интернаты, 5 сынып оқушысы;
  3. Айгалиева Гүлназ – Жылыой ауданы, №7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, 8 арнайы сынып оқушысы;
  4. Кайрден Зарина Нұрлыбекқызы – Исатай ауданы, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі, 4 арнаулы сынып оқушысы;

Компьютерлік әзірлемелер, робототехника номинациясы

ІІІ орын алған оқушылар:

  1. Қуандық Саят – Мақат ауданы, М.Баймұханов атындағы орта мектебі, 9 сынып оқушысы;
  2. Биғали Дәулет – Махамбет ауданы, Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебі, 9 сынып оқушысы;

ІІ орын алған оқушы:

  1. Бекесов Арман – Индер ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, 5 сынып оқушысы;

І орын алған оқушы:

  1. Ихсанов Икрам – Құрманғазы ауданы, Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі, 7 сынып оқушысы

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау