Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Республикалық олимпиада сайты іске қосылды

Республикалық олимпиада сайты іске қосылды

Республикалық “Дарын” ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндердің республикалық олимпиадасының қарсаңында respa2021.daryn.kz Республикалық олимпиада сайтының іске қосылғанын хабарлайды.

Бұл сайтта сіз қорытынды кезеңге қатысушы оқушылар тізімі мен алдыңғы жылдардағы тапсырмалар нұсқаларымен таныса алады. Сондай-ақ сайт жаңа ақпаратпен толықтырылып отырады.

Олимпиада кезеңдері аяқталғанда оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар тапсырмалар және тапсырмалардың шешімдерін, қатысушылардың шифрленген жұмыстары мен қорытынды хаттамаларды осы сайттан көре алады.

Сонымен қатар Республикалық олимпиада үшін @ro_help_daryn_bot   телеграм-бот жасалды. Telegram-бот Республикалық олимпиадада жол сілтеуші болады.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау