26-29 сәуір күндері “Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен математика пәнінен 5-6-сынып оқушылары арасында республикалық «Алтын сақа» олимпиадасы өтеді.
Олимпиаданың мақсаты – талантты балаларды анықтап, оқушылардың математика білімін меңгеруіне, оқушылардың алған білімін тәжірибеде қолдана білуіне жағдай жасау және олимпиада резервін қалыптастыру.
Олимпиада барлық облыстар мен қалаларда 2021 жылдың 26 сәуірі күні сағат 10:00-де (Атырау уақытымен) бір уақытта басталып, тапсырмалары жіберіледі және нәтижелері бір мезгілде жиналады. Атырау облысынан “Алтын сақа” олимпиадасына 9 оқушы қатысады.






