19 мамыр күні “Silk Way” мектеп-лицейі базасында 2020-2021 оқу жылының Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау шарасы өтті.
Шараның алғашқы бөлігінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн трансляциямен барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, шәкірттерге сәттілік тіледі.
Министрдің құттықтауынан кейін, ары қарай республика бойынша бір мезгілде барлық облыс әкімдіктерінде олимпиада жеңімпаздарын марапаттау шарасымен жалғасты. Атырау облысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерін облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы Хаменова құттықтап, медальдары мен дипломдарын табыс етті.
– Республикалық олимпиадаға облысымыздан 72 оқушы қатысып, оның 42-сі жүлдегер, жеңімпаз атануы – үлкен жетістік! Бұл жетістікке жету үшін Сіздерге үлкен қолдау жасалды: олимпиадаға мақсатты дайындау мақсатында оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды, Сіздерге дәріс беру үшін өлкеміздің ең үздік ұстаздары топтастырылды, пән мұғалімдері үздіксіз дайындықты қамтамасыз етті – дей келіп, Бақытгүл Қайыржанқызы шәкірттерін осындай жетістікке жеткізген барлық ұстаздарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ алдағы халықаралық олимпиадаларда толағай табыс тіледі.
Жүлде алған оқушылардың атынан сөз алған республикалық олимпиадада Қазақстан тарихы пәнінен алтын медаль иегері Атырау қаласы №38 мектеп лицейінің 10 класс оқушысы Тұяқбай Бердібайұлы барша жеңімпаздарды құттықтай отырып, осы жетістікке жеткізген барша ұстаздарға алғысын білдірді.
Шара соңында облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевпен және Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Құрманғалиұлы Сарбалинмен бірге олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері фотоға түсті.
Айта кетейік, 25-30 сәуірі аралығында 2020-2021 оқу жылының Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадасының қорытындысына сәйкес Атырау облысының қатысушыларының жалпы медаль саны бойынша 4 орынға ие болды.
Олимпиадаға облысымыздан жалпы саны 72 оқушы қатысса, соның 42-сі жүлдеге ілікті. І орынға ие болғандар саны – 6, ІІ орынға ие болғандар – 17 оқушы болса, 19 оқушы ІІІ орынды иемденді.
Ал гуманитарлық пәндер бойынша облысымыз республика бойынша 1 орынға нық жайғасты.
Атырау қаласы бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне барлығы 72 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 32 оқушы, жаратылыстану-математика бағыты бойынша 40 оқушы қатысқан болатын.
Тағы бір қуанышты жаңалық, Атырау облыстық “Білім-Инновация” лицейі жалпы есепте екінші орынға ие болса, елдегі барлық БИЛ-дердің ішінде 1 орынға шықты. Сондай-ақ 2020-2021 оқу жылындағы республикалық олимпиадалар қорытындысы бойынша БИЛ-ден бөлек, атыраулық 3 білім беру ұйымы еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарынан көрінді.
- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі(25-орын);
- №38 мектеп-лицейі(84-орын);
- Дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия(90-орын);4











