5-9 сынып оқушылары арасында өткізілген Республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасынан атыраулық 3 оқушы жүлдеге ие болды.
С. Н. Имашев атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушылары Қасымбекқызы Ақпейіл және Сембаева Аяулым және Атырау қаласы Жамбыл атындағы №21 мектептің 7 сынып оқушысы Жексенбай Данагуль ІІІ орын алды.
«Тарих ата» олимпиадасының 1-ші қашықтық турына Республикамыздың барлық өңірлерінен 28 635 оқушы қатысып, 9890 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Олимпиаданың 2 қорытынды туры ағымдағы жылдың 20-21 мамыр күндері аралығында еліміздегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде app.oqylyq.kz платформасында өткізілді.
Олимпиаданың 2 турына 1 турдан І дәрежелі дипломға ие болған 2314 оқушы қатысуға шақырту алды, алайда 920 оқушы қатысты. 2 тур тест түрінде өтті, жоғары ұпай жинаған 8-9 сынып оқушылары Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған тақырыпқа эссе жазды.






