Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Атыраулық оқушылар Башқұртстаннан жүлделі оралды

Атыраулық оқушылар Башқұртстаннан жүлделі оралды

Мамыр айының екінші онкүндігінде Башқұрт мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен «Шығыс тілдері бойынша ІҮ халықаралық қашықтық олимпиадасының нәтижесі шықты.

Аталған олимпиадаға түрік тілінен қатысқан Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-класстың 6 оқушысы тамаша нәтиже көрсетті. Қоржынға 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медал мен 1 сертификат түсті.

Сондай-ақ оқушыларды олимпиадаға дайындағаны үшін түрік тілінің 2 мұғаліміне Алғыс хат берілді.
Алған марапаттарыңыз құтты болсын!

І орын
Исахан Камала Бабировна

ІІ орын
Садық Гүлден Қазбекқызы
Демирджи Равзанур Дениз
Берден Кәусар Батыржанқызы

ІІІ орын
Қондыбай Айша

Сертификат
Кожахметова Газиза Жаннатбековна

Алғыс хатпен марапатталған мұғалімдер Явуз Окчу мен Рахман Оксюз.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау