Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығы және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2021 жылдың 17 мамырында келген №308 хатына сәйкес 2-3 маусым күндері 2021-2022 оқу жылына Атырау облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеу өткізіледі.
Іріктеу ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясының базасында өтеді.
Квота бөлінген білім беру ұйымдары:
- Атырау облысы дарынды балалар мектеп-интернаты
- Облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясы
- Ж. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар лицей






