Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Облыстық “Абай оқуларының” қорытындысы белгілі болды

Облыстық "Абай оқуларының" қорытындысы белгілі болды

13 тамыз күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен “Абай оқулары” қорытындыланды.

6 номинация бойынша екі күнге созылған байқауға Атырау облысы бойынша 39 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады.

Байқау қорытындысына сәйкес 5 оқушы І орын, 8 оқушы ІІ орын, 12 оқушы ІІІ орын және 7 оқушы “Алғыс хат” иеленді.
Байқауға қатысушылардың барлығына сертификат беріледі.

Айта кетейік, “Абай оқуларының” республикалық кезеңіне әр номинация бойынша 1 оқушы жолдама алады.

Жазғы демалысқа қарамай, Ұлы Абайдың ғибратымен сусындап, өз білімін шыңдап жүрген оқушылардың құлшынысына көңіл тояды. Сондай-ақ қазіргі ахуалға қарамастан, осындай шәкірттерді тәрбиелеп жүрген ұстаздарымыздың еңбегі ерен. Абай “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” десе, біздің өнерлі өрендеріміз білімі мен білігін сайысқа арнап, өз өнерін паш етуін Ұлы ақынның сөзінен ғибрат алғаны деп білеміз.

Барша қатысушы оқушылар мен дайындаған ұстаздарға Атырау облыстық Білім беру басқармасының “Таланттарды анықтау және қолдау орталығы” алғыс білдіреді.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау