Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

“Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері” атты вебинар өтті

"Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері" атты вебинар өтті

18 тамызында «Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері» атты мамандандырылған білім беру ұйымдарының психологтарына арналған республикалық вебинар өтті.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған вебинарға Таланттарды анықтау және қолдау орталығының әдіскері, психолог Орынгүл Қоңқаева қатысты.

Вебинардың мақсаты – білім беру үрдісінде дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша психологтардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру. Жалпы дарынды және талантты балаларды анықтау, оқыту және тәрбиелеу – білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеттерінің бірі. Дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау олардың жеке тұлғасын жан-жақты кешенді зерттеуге және дамытуға бағытталуы керек.

Вебинарда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары – Мамбеталина А.С. психлогия ғылымының кандидаты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының меңгерушісі; Байжұманова Б.Ш. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының доценті және мамандандырылған білім беру ұйымдарының жетекші психологтары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау