Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Таланттарды анықтау және қолдау орталығының тамыз сессиясы өтті

Таланттарды анықтау және қолдау орталығының тамыз сессиясы өтті

Бүгін 27 тамыз күні Таланттарды анықтау орталығының «Дарынды оқушы – ел келешегінің сенімді кепілі» тақырыбындағы тамыз сессиясы қашықтан өтті. Шараға облыс бойынша жүзден астам педагог қатынасты.

Жиынды ашқан Орталық директоры Руслан Сарбалин барлық қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ Руслан Құрманғалиұлы «Дарынды балалармен жұмыс: идеялар, тәжірибелер, нәтижелер» тақырыбындағы баяндамасында “Таланттарды анықтау және қолдау орталығының” құрылған бір жылға уақыт ішіндегі орталықтың атқарған қызметін таныстырып шықты.

Бұдан кейін, Мақат ауданы Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектебінің мұғалімі Айтимова Гүлзада «Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау кезеңінде жүргізілетін оқу-жаттығу жұмыстарының тиімділігі», Құрманғазы ауданы Ю. Гагарин атындағы орта мектеп директоры Хасанова Жамал «Ауыл мектебі жағдайында дарынды балаларды дамыту жүйесін жетілдіру жолдары», «IQanat  Білім Беру» ҚҚ Атырау облысы бойынша координаторы Кубашева Сәуле «IQanat – ауыл мектептерінің оқушыларына арналған маңызды бастама» деген тақырыпта баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.

Таланттарды анықтау және қолдау орталығының “Дарынды балаларды қолдау” бөлімінің басшысы Нәсиева Лаура қатысушыларды “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығымен бекітілген 2021-2022 оқу жылындағы іс-шаралар тізбесімен” таныстырып шықты.

Жиын соңында Руслан Құрманғалиұлы қатысушыларға Орталықтың алдағы мақсат-міндеттері туралы айтып, бүгінгі тамыз сессиясына қатысушыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ баяндама жасаушыларды арнайы “Алғыс хатпен” марапаттады.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау