Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Республикалық “Абай оқуларынан” атыраулық 2 оқушы “Алтын медаль” иеленді

Республикалық "Абай оқуларынан" атыраулық 2  оқушы "Алтын медаль" иеленді

24-27 тамыз аралығында өткен республикалық ХХІІ “Абай оқулары” байқауына қатысқан атыраулық 6 оқушы қатысып, 2 оқушы “Алтын медаль” және 4 оқушы арнайы грамотаға ие болды.

“Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” номинациясы бойынша Исатай ауданы Исатай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Елеусінов Бекзат (жетекшісі – Гумарова Агзия) және “Көңілім әнді ұғады” номинациясы бойынша Махамбет ауданы Алға орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жұмашева Дильназ (жетекшісі – Мукатова Лайла) ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Алтын медалін” алды.

Сонымен қатар ерекше жетістіктері үшін “Дарын” РҒПО-ның арнайы грамотасына ие болғандар:

  1. Құрманғазы ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сәкенқызы Қарақат (жетекшісі – Садихова Алма)
  2. Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің 8-сынып оқушысы Жалғасбайқызы Дана (жетекшісі – Абилхайрова Алтынай),
  3. Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 9-сынып оқушысы Қайратқызы Сабина (жетекшісі – Умбеталиева Салтанат)
  4. Махамбет ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Рысбайқызы Шаттық (жетекшісі – Кеңесова Гүлнара).

Абайдың әнін шырқап, өлеңін жатқа соққан, қарасөзінің майын тамызып, өзінің ақындық өнерін көрсетіп, қатарының алды бола білген барша шәкірттерімізге Таланттарды анықтау және қолдау орталығы да ризашылығын білдіреді.

“Абай оқуларына” қатысқан 6 оқушының барлығы да үздіктер қатарынан көрінуі облысымыз үшін мерей екені анық. Ендеше, білікті оқушы, өнерлі жас ұрпақты тәрбиелеуде тура жолда нық басып келе жатқанымызды дәлелдейді.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау