Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Оқушылардың қабілетін анықтайтын «Qabilet қызметі» жобасын басталды

Оқушылардың қабілетін анықтайтын «Qabilet қызметі»  жобасын басталды

1 қазаннан бастап 10-11 жастағы мектеп оқушылары қабілеттерін анықтау үшін ақысыз тест тапсыра алады.

Биыл қазан айында еліміздің барлық өңірлерінде балалардың қабілетін ерте анықтауға бағытталған «Qabilet қызметі» жобасы басталады.

Qabilet қызметі пилоттық режимде бүкіл ел бойынша іске қосылады, бірінші кезеңде жобаға 10-11 жастағы оқушылар қатыса алады. Келесі кезеңдерде жасөспірім балалар қамтылады.
Жоба Елбасының «Ел Үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылуда, Оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Елбасы Академиясы» КҚ ұйымдастырады.

Қызмет тегін және әр оқушыға қолжетімді болады. Тестілеуден өткеннен кейін бала мамандық таңдауға көмектесетін маманның кәсіби кеңесін алады.

Бүгінде Елбасы Академиясы Алматы қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры базасында әдіскерлер мен психологтарды даярлау бойынша оқыту семинарларын өткізуде.
Атыраулық мамандар Таланттарды анықтау және қолдау орталығының базасында қызмет көрсетеді.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау