4 – 5 – желтоқсанында Алматы қаласында Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиадасы өтті.
Аталған олимпиадада атыраулық оқушылар да бақ сынады. Нәтиже келесідей:
КҮМІС 🥈 Таймас Мансур /«Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы/
КҮМІС 🥈 Булатов Смадияр /«Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы/
КҮМІС 🥈Тургали Махамбет /«Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы/
ҚОЛА 🥉Асланов Амир /«Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы/
Күміс медаль алған оқушыларға Қазақ-Британ техникалық университетінің гранттары берілді.
Айта кетейік, Олимпиадаға Қазақстанның атынан 36 команда және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан 14 команда қатысты. Команда 3 оқушы, 1 жетекшіден құрылды.