Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Олимпиаданың аудандық кезеңіне дайындық пысықталды

28 қаңтар күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығының басшылық құрамы мен қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары және әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық мектептердің директорлары және кураторлардың қатысуымен онлайн отырыс өтті.

Жиынды Орталық басшысы Руслан Сарбалин ашып, қатысушыларды жаңа жылмен құттықтай отырып, жаңадан ашылған орталығымыз туралы таныстырып өтті.

Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралып, 2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық, аудандық олимпиадаға дайындығы пысықталып, жалпы білім беретін пәндерден ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін талдау  қорытындыларымен таныстырылды.

Бұдан соң күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандар, қалалық білім бөлімдерінің дайындығы туралы бөлім басшыларының пікірлері тыңдалып, қатысушылардың өз пікір-ұсыныстары айтылды. Жиынды Орталық директоры Руслан Құрманғалиұлы қорытындылап, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.