Астана қаласында өткен «Robotek Grand Tournament 2023» робототехникадан республикалық чемпионат қорытындыланды.
Еліміздің әр өңірінен жиналған 260 оқушының ішінен оза шығып жүлдегер атанған оқушыларымыз Атырау облысына қоржынына 1 күміс, 1 қола медаль алып келді.
Облыс намысын асқақтатқан оқушыларымыз:
II орын
«Желі бойынша жарыс» санаты
Сакишев Парасат, Жақсылық Әбілмансур – Атырау қаласы «JasSpace» кеңістігінің білім алушылары.
Жетекшісі-Абуханов Дияр
III орын
«Робо-сумо» санаты
Төлеген Нұргелді, Жолдас Жандос – Атырау қаласы №32 орта мектептің 5 – сынып оқушылары.
Жетекшісі-Мурзагалиева Алмагүл
Жүзден жүйрік атанған оқушыларымызды орталық атынан шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!