Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«ТАБИҒАТТЫ АЯЛА» ФОРУМЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

  5 – мамыр күні «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілері форумының облыстық кезеңі қашықтықтан өткізілді.

  Форум білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

  Форумның облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) кезеңде жеңімпаз атанған 51 оқушы қатысып, төмендегі бағыттар бойынша өз жұмыстарын ұсынды:

  «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» бағыты – жас экологтардың 3D атласы;

  «Zhasyl El» бағыты – зерттеу жобаларының байқауы;

  «Eko-Bolashak» бағыты – көркейту, көгалдандыру бойынша экологиялық жұмыстар;

  «GREEN OASES» бағыты – ландшафтық жобалар байқауы;

  «Туған өлкенің бояулары» бағыты – электрондық экологиялық ашық хат;

  «Экотеатр» бағыты – экология туралы шағын спектакльдермен бейнероликтер байқауы;

  Қазылар алқасының қорытынды шешіміне сәйкес әр бағыт бойынша оқушылар Таланттарды анықтау және қолдау орталығының I, II, III дәрежедегі дипломдарымен марапатталады.

  Жүлдегерлер тізімін суретті жылжытып көре аласыздар.

  Жүлдегер атанған жас өлкетанушыларымызды және олардың жетекшілерін орталық атынан шын жүректен құттықтаймыз!

  Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!