Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр – қайратының ең айтулы мерекесі.
Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, Қазақстандықтар, сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ – береке тілейміз!
Таланттарды анықтау және қолдау орталығы