19 – мамыр күні Атырау қаласы №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп базасында жалпы білім беретін 8 – 11 – сынып оқушылары арасында облыстық «Жұмекен Нәжімеденов оқулары» байқауы өтетіндігін хабарлаймыз.
Байқауға қалалық, аудандық кезеңінің жеңімпаздары қатыса алады.
«Жұмекен Нәжімеденов оқулары» байқауы 3 бағыт бойынша өтеді.
Олар:
І бағыт – Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын (прозасы мен поэзиясын) жатқа мәнерлеп оқу;
ІІ бағыт – Жыр эстафетасы. «Жаңғырық», «Қыран-қия» дастандарын жатқа айту;
ІІІ бағыт – Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу.
Байқау қорытындысы бойынша оқушылар Атырау облысы Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталады.
Байқауда бақ сынайтын оқушыларымызға сәттілік тілейміз!