Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

ОБЛЫСТЫҚ «ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ

  19 – мамыр күні, Атырау қаласы №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8 – 11 – сынып оқушылары арасында облыстық «Жұмекен Нәжімеденов оқулары» байқауы өтуде.

  Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов әдеби мұраларын жас ұрпаққа насихаттау.

  Байқауға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары, жалпы саны 27 оқушы қатысып жатыр.

  Қатысушылар төмендегі үш бағыт бойынша бақ сынайды:

  І бағыт – Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын (прозасы мен поэзиясын) жатқа мәнерлеп оқу;

  ІІ бағыт – Жыр эстафетасы. «Жаңғырық», «Қыран-қия» дастандарын жатқа айту;

  ІІІ бағыт – Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу.

  Қазылар алқасының шешімі бойынша оқушылар Атырау облысы Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

  Байқауда бақ сынайтын оқушыларымызға сәттілік тілейміз!