Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«ART-FEST» БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АСФАЛЬТҚА СУРЕТ САЛУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

  1 – маусым күні, Балаларды қорғау күніне орай Атырау қаласы Бейбарыс алаңында Атырау облысы білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» ұйымдастыруымен «Art-Fest» бастауыш сынып оқушыларына арналған асфальтқа сурет салу байқауы өтуде.
  Байқау 1 – маусым Балаларды қорғау күніне орай сурет салуға қабілетті балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету және оқушыларды сыни тұрғыда, креативті ойлауға дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылуда.

  Байқау қатысушылары жас ерекшеліктеріне сай санаттарға бөлінеді. Әр санатқа бөлек тақырып беріледі. Қатысушы тақырыпқа сай суретін салады.Тақырыптары:
1) «Алақай! Жаз келді!»;
2)«Мен және отбасым»;
3) «Ғарыш және мен».

  Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
  Байқауда бақ сынайтын қатысушыларға сәттілік тілейміз!